Ағымдағы жылдын 2 ақпан күні «QazMed» медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сәйкес, медициналық қателік үшін қылмыстық жауапкершілікті сақтай отырып, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру бөлігінде Facebook желісінде тікелей эфирде онлайн брифинг өткізді. Брифингке республикалық және өнір БАҚ өкілдері қатысты.
Спикерлер:
Әлиакпар Болатұлы Матишев – «QazMed» салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы
Елжан Амантайұлы Біртанов – «QazMed» салалық кәсіподағының кеңесшісі
Серік Қабдушұлы Кәкенов - «Ақмола облысының Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің "SENIM" жергілікті кәсіподағы « ҚБ төрағасы
Сәкен Арыстанұлы Катбаев «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы" ҚБ төрағасы
Брифинг бір сағаттан астам уақытқа созылды. Осы уақыт ішінде спикерлер өте маңызды мәселелерді қозғады.
«QazMed» медицина қызметкерлерінің салалық кәсіподағы брифингте денсаулық сақтау туралы заң жобасын пысықтауға жіберу керектігін айттты.
Жақында Мәжіліс депутаттары ұсынған заңды дайындау барысында кәсіподақ төрағасы жұмыс тобына өздерін кіргізбегенін айтып, осыған байланысты өздерінің бірнеше ұсыныстары бар екенін жеткізді.
-Заңнамада бірнеше кезең бар. Оның біріншісі кәсіби жауапкершілікті сақтандыру және дәрігерлік қателік үшін пациент қайтыс болғанда қылмыстық жауапкершілікке тарту. Біз бұл заңнаманы талқылау барысында бұған қарсылық білдіріп, медициналық және азаматтық қоғамы арасында кеңінен талқыланғанын сұраймыз, - деп атап өтті кәсіподақ ұйымының төрағасы Әліакпар Матишев.
Ал «QazMed» салалық кәсіподағының кеңесшісі Елжан Біртанов бұл заң жобасының маңыздылығын атап өтті.
- Біздің кәсіподақ осы заң жобасын талқылау үшін Қазақстанның 14 өңіріндегі медицина қызметкерлерімен кездесіп, талқыладық. Осы саладағы эксперттер заң жобасы бойынша біршама ұсыныстар берген еді. Өкінішке қарай, олар енгізілмеді, - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ оның сөзінше медициналық олқылықтардың болуының себебін анықтау керекпіз дейді.
- Заңнамада міндетті сақтандыру пациенттің денсаулығына зиян келтірген жағдайда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі көзделеді делінген. Осындай заң жобасының талқыға түсуі, денсаулық сақтау министрлігінің, қоғамның медициналық олқылықтарсыз медицина болмайтынын мойындау болып табылады. Біз немен күресу керектігін білмейміз, - деді Біртанов.
Маман сөзінше, заң жобасы мақұлданса ақшалай өтемақы алғысы келетіндер қатары көбейеді.
- Зиян ақылмен емес, тәуелсіз эксперттер комиссиясымен анықтайтын болады. Әрине 6 айдан кейін заң жобасы қабылданса ақшалай өтемақы алғысы келетіндер қатары көбейеді. Егер зиян мүгедектіксіз болған жағдайда - 1 млннан бастап, 11 млн теңгеге дейін өлімге дейінгі келтірілген зиян. Осындай өтемақы алғысы келетіндердің көптігі медицина қызметкерлерінің осындай дауларды шешуге көп уақытын бөліп, денсаулық сақтау жүйелерінің жұмысын бәсендетеді, - деп атап өтті.
Серік Кәкенов, «Ақмола облысы денсаулық сақтау қызметкерлерінің «SENIM» жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы өз сөзінде:
– Дәрігер өз міндетіне немқұрайлы қарап, науқас аман қалған жағдайлар бар. Ол ешқандай жауапкершілік көтермейді. Бірақ, дәрігер науқасты аман алып қалуға бар күш-жігерін салғанымен, объективті себептерге байланысты науқас ауырып, қайтыс болған жағдайлар бар. Дәрігер сот үстінде. Басқа елдерде мұндай жағдай жоқ. Қылмыстық кодекстің бабынан бас тартып, дәрігерді не дипломынан айырады, не қаржылай жазалайды,деп айтты.
Брифинг барысында БАҚ өкілдерінен сұрақтар қойылды. Оларға жауап берілді