Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: «DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Білімі: Жоғары 1988-1994жж. Алматы мемлекеттік медицина институты «Емдеу ісі» мамандығы. М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты 2004-2006 жж. «Қаржы және несие» мамандығы .
Еңбек жолы: Катбаев Сакен Арыстанович 1986-1988 жж. Кеңес армиясы қатарында Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында қызмет атқарған. 1994 жылы Алматы мемлекеттік медицина институты «Емдеу ісі» дәрігер мамандығы бойынша бітірген. 1994-2003 жылдар аралығында Шымкент қаласы шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасында дәрігер-хирург, 2009-2014 Облыстық гипербариялық оксигенция орталығында бас дәрігердің орынбасары болып қызмет атқарды. 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық туберкулезге қарсы диспансерінде бас дәрігер болып жұмыс істеген. 2014-2017 жж. Т.О.Орынбаев атындағы облыстық гипербариялық оксигенация орталығында бас дәрігер. 2017-2020 жж. Шымкент қаласы қалалық онкологиялық орталығының бас дәрігері болды. 2020 жылы Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК-ның бас дәрігері қызметін атқарды. 2020 жылдың қыркүйек айынан бері «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылдың 05 ақпан тіркелді.
Түркістан облысы бойынша 49 бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан жалпы саны 36 377 кәсіподақ мүшесін біріктіріп отыр.
Почта:
БИН/БСН: 190240004383