«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі» 2015 жылы 29 мамырда Экономика минисрлігіне қарасты Тұтынушылардың құқын қорғау комитетінің ведомстволық құрылымдық мекемелерінің негізінде құрылған.
2019 жылдың 23 тамызында «QazMed» ҚР Кәсіподақтар федерациясына толыққанды мүше ретінде еніп, бүгінге дейін одақ құрамында жемісті жұмыс атқарып келеді.
2023 жылдың 1 мамырындағы мәлімет бойынша, «QazMed» кәсіподағына 5 дербес қоғамдық бірлестіктер мүше болып кірген. Олардың ішінде ең ірілері - Түркістан облысындағы денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің «DENSAULYQ» жергілікті кәсіподағы мен «Ақмола облысы денсаулық сақтау жүйесінің «SENIM» жергілікті кәсіподағы; Шымкент қаласындағы «Оңтүстік», Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті жұмыскерлерінің, Алматы қаласындағы «Алматы- QM» жергілікті кәсіподақтарының, Астана, Алматы, Шымкент сияқты ірі қалалардағы Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің департаменттерінде, Ұлттық сараптама орталығының, Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының филиалдарында және де Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің орталық аппараттарында құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымдары да бар.
Салалық кәсіподақтың мүшелері мен құрылымдық бөлімшелерін басқару органы ретінде атқарушы және кәсіподақ комитеттері бекітілген. Оларды өз кезегінде жергілікті кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ ұйымдастырушылары басқарады.
2020 жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі және Денсаулық сақтау ұлттық палатасының арасында 2020-2022 жылдарға арналған келісім жасалып, онда кәсіподақ мүшелеріне қарастырылған қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер бекітілді. Олар айлық жалақыны индексациялау, негізгі жылдық ақылы еңбек демалысының мерзімін ұзарту, демалыс ақысына үстеме ретінде денсаулығын жақсартуға төлемақы бөлуге және тағы да басқа мәселелерге қатысты болатын.
2021 жылдың 25 ақпанында және 2022 жылдың 5 наурызында аталмыш құқықтық актіге еңбекақы төлеу жүйесі мен салалық келісімнің қамту аумағы бойынша екі қосымша енгізілді. Атап айтар болсақ, оның 13.11 тармағы жаңа редакция бойынша : «аталған тармақтың 13.8-13.10 тармақшаларының құзыры денсаулық сақтау жүйесіндегі жұмыс берушілерге, қызметкерлерге және Салалық кәсіподақтың мүшелеріне таралады» деп бекітілді.
Аталмыш құжаттар, яғни Салалық келісім мен оған қатысты қосымшалар Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде құлақтандыру тәртібі бойынша тіркеліп, орындауға міндетті құқықтық акті мәртебесіне ие болды.
2022 жылдың желтоқсанында бұл салалық келісім ойдағыдай орындалып, мерзімі аяқталды. 2023-2025 жылдарға арналған жаңа келісім жобасын дайындау қарсаңында «QazMed» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшылығы Денсаулық сақтау министрлігіне қызметкерлердің ортақ өкілетті органын құрып, оған республикадағы барлық үш салалық кәсіподақтың, яғни «SENIM», «QazMed» және «AQNIET» қоғамдық бірлестіктерінің кіруі туралы ұсыныс жасады.
«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» РҚБ, «AQNIET», қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» ҚБ, «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» РҚБ және Денсаулық сақтау ұлттық палатасының арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған келісім» Бұл бастама ойдағыдай жүзеге асып, 2023 жылдың 30 қаңтарында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде құқықтық акт ретінде 93-ші номермен тіркелді.
Жаңа салалық келісімде мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» жолдауында қойылған міндеттер басшылыққа алынып, медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу мәселесінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Осылайша, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың лауазымдық жалақыларының коэфиценті 1,15 -3,32 аралығында көтерілді.