Жергіліқты медициналық, бюджеттік ұйымдар және аралас салалық «ОҢТҮСТІК» кәсіподағы
Жергіліқты медициналық, бюджеттік ұйымдар және аралас салалық  «ОҢТҮСТІК» кәсіподағы
Төрағасы
Мақашева Любовь Абдусаматқызы

Ұйымды 8 жылдан бері басқарады. Л.А.МАҚАШЕВА 40 жылдан астам мемлекеттік қызметте еңбек етті. Еңбек жолын партиялық қызметтен және Шымкент қаласы Дзержинский аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметінен бастаған. 7 жылдан астам Шымкент қаласы Салық комитеті жүйесінде, оның ішінде басшының орынбасары қызметін атқарды. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің  бастауында тұрған, 1996-2001 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Міндетті медициналық сақтандыру қорының директоры қызметін атқарған,  13 жыл бойы әлеуметтік қызмет саласында яғни, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған. Үкіметтік наградалармен және Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының медалімен марапатталған.

О профсоюзе

Жергіліқты медициналық, бюджеттік ұйымдар және аралас салалық  «ОҢТҮСТІК» кәсіподағы  қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық кәсіподақтар федерациясының құқықтық мұрагері болып табылады және Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2015 жылдың 10 сәуірінде тіркелген. Тіркеу нөмірі № 26127- 1958 КБ

Жергіліқты медициналық, бюджеттік ұйымдар және аралас салалық  «ОҢТҮСТІК» кәсіподағы  қоғамдық бірлестігінің орналасқан жері – Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6 - 218 кабинет.

2023 жылдың 01 сәуіріндегі ақпар бойынша «ОҢТҮСТІК» Жергілікті кәсіподақ ұйымында 25 бюджеттік ұйым мен мекеме тіркелген, оның ішінде қала әкімдігіне қарасты 7 мемлекеттік мекеме, 6 білім беру мекемесі,  әлеуметтік салаға қарасты 7 мемлекеттік мекеме, екеуі медициналық ұйымдар және т.б. Жалпы 2000 кәсіподақ мүшелері қамтылған.
Ұйымдардың салыстырмалы түрде аз қамтылуы өзінің артықшылықтарына ие, өйткені бұл ұжымдық мәселелерді тез шешуге және еңбек құқығы мәселелеріне байланысты туындаған проблемаларға жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.

 Жергіліқты медициналық, бюджеттік ұйымдар және аралас салалық  «ОҢТҮСТІК» кәсіподағы  қоғамдық бірлестігінің төрайымы МАҚАШЕВА Любовь АБДУСАМАТҚЫЗЫ.   Ұйымды 8 жылдан бері басқарады. Л.А.МАҚАШЕВА 40 жылдан астам мемлекеттік қызметте еңбек етті. Еңбек жолын партиялық қызметтен және Шымкент қаласы Дзержинский аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметінен бастаған. 7 жылдан астам Шымкент қаласы Салық комитеті жүйесінде, оның ішінде басшының орынбасары қызметін атқарды. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің  бастауында тұрған, 1996-2001 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Міндетті медициналық сақтандыру қорының директоры қызметін атқарған,  13 жыл бойы әлеуметтік қызмет саласында яғни, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған. Үкіметтік наградалармен және Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының медалімен марапатталған.