Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Қорлау – қалыпты жағдай емес!

Медицина қызметкерің балағаттау, ұрсу, түкіру, шапалақпен ұру, көпшілік алдында ар-намысына тию — мұның бәрі тек «ашу» емес, бұл Қылмыстық құқықбұзушылық.

Заң не дейді?

ҚР ҚК 131-бабы: Қорлау

1️⃣ Қорлау (әдепсіз түрде ар-намысты таптау) — 100 АЕК-ке дейін айыппұл не 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс.

2️⃣ Қорлау көпшілік алдында, БАҚ немесе интернет арқылы жасалса — 200 АЕК-ке дейін айыппұл не 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс.

✍️ Қорлау — бұл жай ренжіту емес. Бұл нақты адамға (аты-жөні көрсетілген) бағытталған, оның ар-намысына тию арқылы жеке өшпенділікті көрсету.

Медицина қызметкері не істеуі керек?

Полиция шақырыңыз

Болған оқиғаны сипаттап, арыз жазыңыз

Дәлелдер жинаңыз:

 – видео жазба

 – куәгерлердің түсініктемесі

 – хаттар, жазбалар, аудио және т.б.

⚠️ Егер қысым басшылық тарапынан жасалса (қорлау, қоқан-лоқы, кемсіту) — бұл еңбек құқығының бұзылуы!

Мұндай жағдайда мына мекемелерге жүгініңіз:

✅ Кәсіподақ ұйымы — құқықтық қолдау мен ұжымдық қорғау үшін

✅ Жергілікті еңбек инспекциясы — заң бұзушылықтарды тексеру және тоқтату үшін

Үнсіз қалу — әділетсіздікпен келісу деген сөз. Сіздің құқығыңыз бар — пайдаланыңыз!

«QazMed» салалық кәсіподағы сіздің ар-намысыңызды қорғауға әрдайым дайын. Біз сізбен біргеміз! Бізге қосыл!