Түркістан облысының денсаулық сақтау ұйымдарында Халықаралық мейіргерлер күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті.
«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ бастамасымен облыс бойынша медицина саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп келе жатқан мейіргерлер марапатталды.
Іс-шара аясында еңбек өтілі 25 жылдан асқан 72 кәсіподақ мүшесіне «Үздік мейіргер» номинациясы табысталып, Құрмет грамоталары мен қаржылай сертификаттар берілді.
«Мейіргер – науқасқа үміт пен сенім сыйлайтын маман. Сіздердің көп жылғы адал еңбектеріңіз бен кәсіби тәжірибелеріңіз үлкен құрметке лайық», – деді кәсіподақ төрағасы Сакен Арыстанұлы.
Марапатталған мейіргерлер денсаулық сақтау саласына қосқан еңбегі, кәсібилігі мен адам өміріне деген жанашырлығы үшін ерекше құрметке ие болды.
Барша мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз.