Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

2024 жылғы аймақтық жарыстың соңғы ойындары

Астана қаласында "Денсаулық" облыстық спартакиадасының соңғы топтық кезеңі өтті, оның ұйымдастырушысы "Ақмола облысының Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің "Senim" жергілікті кәсіподағы"ҚБ болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, топтық жарыстар спорттың бес түрі бойынша өткізіледі: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат және тоғыз-құмалақ. Спорт түрлері бойынша командалар "SENIM" жергілікті кәсіподағының құрамына кіретін және медициналық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен құралады.

13 сәуірде "№2 көпсалалы облыстық аурухана" ШЖҚ МКК аумағында спорттың үш ойын түрі бойынша топтық кезеңнің жарыстары өтті. Топтық кезеңге Целиноград, Аршалы, Қорғалжын аудандарының, Қосшы қаласының медициналық мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының және Астана қаласының №2 көпсалалы облыстық ауруханасының бес командасы қатысты.

Әуесқой спортшылар ерекше қысым мен толқумен күреске қосылып, әрқайсысы өз ұйымының абыройын қорғауға тырысты. Ойындар шыныменде қызықты болып, көптеген жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күй сыйлады. Жанкүйерлерде ойыншылардан кем болған жоқ. Медицина қызметкерлері өздерінің бастауыш ұйымынын үйлесімділігін және салауатты өмір салтына белсенді көзқарасын көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды:

үстел теннисі бойынша:

1 орын-Жолдас Ахметов (КОА2) және Екатерина Куракова (КОА 2);

2 орын-Кагва Аграв (Целиноград АП) және Галия Лаханова (Целиноград АП);

3 орын-Сәкен Асаинов (Қосшы қаласының №1 қалалық емханасы)және Людмила Қадырова (Аршалы АА)

шахмат бойынша:

1 орын –Қуаныш Үндібаев (Целиноград АП) және Раушан Менбаева (МОБ 2);

2 орын-Алматы Камалов (КОА 2)

тоғызқұмалақ бойынша:

1 орын-Батыржан Нұрмахатов (КОА 2) және Гүлназ Жақсыбаева (Аршалы АА);

2 орын – Хуанган Жеңісбек (Аршалы АА) және Алмагүл Жаңабергенова (Целиноград РП);

3 орын-Бақытжан Әбенов (Целиноград АП) және Гүлжанат Жақсыбек (КОА 2)

"QazMed" салалық кәсіподағы, "Senim" жергілікті кәсіподағы" барлық қатысушыларға алған эмоциялары мен спорттық толқулары үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ жеңімпаздарды лайықты жеңісімен және финалға шығуымен құттықтайды!

#KasipodaqKZ #Aqmola #QazMed #Astana