Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

2026–2028 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласындағы Салалық келісім жобасын талқылау жалғасуда

Бұған дейін әлеуметтік желілерде «AQNIET» салалық кәсіподағы жаңа келісімді әзірлеген жалғыз ұйым екені және құжат қол қоюға дайын екені туралы мәлімдеме қамтылған жазба таратылды. Аталған ақпарат келіссөздер процесінің нақты барысына сәйкес келмейді.

«QazMed» салалық кәсіподағы келісім жобасын әзірлеу жұмыстарына толық көлемде қатысып жатыр — алдын ала талқылау кезеңінде де, сондай-ақ бейінді жұмыс тобының жұмысы шеңберінде де. Кәсіподақ медицина қызметкерлерге берілетін кепілдіктерді күшейтуге бағытталған дәлелді ұсыныстар енгізді. Алайда, бұл ұсыныстар жобаның қазіргі редакциясында ескерілмеген.

Осыған байланысты «QazMed» құжатты қайта пысықтауды және сала қызметкерлерінің еңбек құқықтарын нақты қорғау тетіктерін қамтамасыз ететін нормаларды енгізуді талап етуді жалғастыруда.

Жүйелі ескертулер жойылмаған жағдайда келісімді қазіргі нұсқасында қол қою кәсіби қауымдастықтың мүдделеріне сай келмейді.

Жобаның қолданыстағы редакциясын толық пысықталған құжат ретінде көрсету әрекеті сұрақ туғызады. Келісімді талқылау жалғасуда, сондықтан оның қол қоюға дайын екендігі туралы айту әлі ерте.

Кәсіби қауымдастық осындай маңызды мәселе бойынша ашық әрі дұрыс ақпараттық диалогқа үміт артуға құқылы.

Қоғамдық талқылаулар аясында жобаны әзірлеуге жекелеген ұйымдардың айрықша үлесі туралы мәлімдемелер айтылуда. Осыған байланысты ашық сұрақ қоюды қажет деп санаймыз: медицина қызметкерлердің жағдайын елеулі жақсартатын нақты қандай нормалар ұсынылып, жобаға енгізілді?

Медицина қызметкерлер декларациялар емес, нақты нәтижелерді көруі тиіс.

«QazMed» салалық кәсіподағы денсаулық сақтау қызметкерлерінің мүдделерін жүйелі түрде қорғап келеді және келісімнің қорытынды редакциясына өз ұсыныстарының енгізілуіне қол жеткізу бағытындағы жұмысын жалғастырады.