Ақкөл аудандық ауруханасында Халықаралық мейіргерлер күніне арналған жылы әрі тағылымды іс-шара өтті.
Бұл ерекше күні ақ халатты абзал жандар — мейіргерлерге шынайы алғыс пен зор құрмет білдірілді. Кең жүректі, мейірімді қолды, үлкен жауапкершілікті арқалаған сіздер күн сайын науқастардың жанынан табылып, қолдау көрсетіп, көмек беріп, сабырға шақырып, үміт сыйлайсыздар.
Сіздердің еңбектеріңіз — жай ғана мамандық емес, төзімділік пен адамгершілікті, өз ісіне адалдықты талап ететін шынайы миссия. Сіздердің арқаларыңызда ауруханада қамқорлық, жан жылуы мен мейірім салтанат құрады.
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, жан тыныштығын, әріптестеріңіздің құрметі мен емделушілердің шынайы алғысын тілейміз! Ерен еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, әр күніңіз өз мамандықтарыңыздың маңыздылығын сезінетін қуаныш пен сенімге толы болсын!
Ақмола облысы денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «SENIM» жергілікті кәсіподағы» ҚБ құттықтауларға қосылып, күнделікті еңбектеріңіз, қамқорлықтарыңыз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін шынайы ризашылығын білдіреді.