Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Ақмола облысы жұртшылығымен кездесуінде «SENIM» жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Сенат Төрағасына жүгінді
        Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақмола облысының жұртшылығымен, жергілікті ақсақалдармен, жастармен және мәслихат депутаттарымен кездесті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының Жолдауда және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері, Сенаттың өңірді дамытуға ықпалы және Палата мен мәслихаттардың өзара іс-қимыл барысы талқыланды.
        Халықпен кездесуге «Ақмола облысы денсаулық сақтау қызметкерлерінің «SENIM » жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ төрағасы С.К.Кәкенов те қатысты.
        Кездесу барысында Серік Қабдушұлы ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаевқа "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі қараған және ҚР Парламенті Сенатының қарауына берілген медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру бөлігінде жүгінді.
       "Бұл мәселеде көп пікір айтуға, сынға алуға және консенсус іздеуге болады, бірақ біз медицина қызметкерлері ҚР Парламенті Сенатында заң жобасын қарау кезінде ҚР медицина қызметкерлерінің кәсіподақтарының қатысуымен талқылауды сұраймыз. Біз бұл заң жобасына қарсы емеспіз, бірақ оны нақтылауды сұраймыз. Мәулен Сағатханұлы медицина қызметкерлерінің атынан осы мәселені бақылауға алуыңызды сұраймын, өйткені біздің денсаулығымыздың одан әрі тағдыры осыған байланысты болады " - деп айтты Серік Кәкенов.