Медицина қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ұлттық сараптама орталығының филиалымен бірлесіп осы маңызды күнге арналған салтанатты іс-шара өткізді.
Іс-шарада департамент және аумақтық санэпидбақылау басқармалары қызметкерлерінің жетістіктері атап өтілді. Марапаттау басшылық пен әріптестердің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығына қосқан баға жетпес үлесі үшін лайықты мойындауы мен алғысына айналды.