2024 жылдың 29 қарашасында «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподақ қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесіп, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін «Денсаулық сақтау қызметкерлерін біліктілік деңгейі бойынша аттестациялау» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің 60 медициналық мекемесінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары, есеп, кадрлар бөлімінің меңгерушілері, заңгерлер қатысты.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Алия Мухтаровна Латыпова жүргізді.
Семинар барысында келесі тақырыптар қаралды:
- біліктілік деңгейін тағайындау және растау,
- аккредиттелген бағалау ұйымдары берген білім мен дағдыларды бағалау нәтижелері,
- білім деңгейіне және орындалатын міндеттерге байланысты 8 дағды деңгейі,
- жауапкершілікті сақтандыру мәселелері.
Қатысушыларға сапалы жұмыс жасауға тілектестік білдіріліп, медициналық мекемелерге қазіргі уақытта қойылатын жоғары талаптар, заңды тұлғаларға бақылау жүргізу, еңбек дауларының алдын алу, еңбек қатынастарын реттеу және құқықтық көмек көрсету туралы ақпарат берілді.
Жиын соңында қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасты және қызмет барысында туындайтын мәселелерге толық жауаптар алды.