Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Ақтөбе облысының медицина қызметкерлеріне арналған республикалық семинар-кеңес өтті

2024 жылғы 19 қыркүйекте Ақтөбеде медицина саласының мамандары үшін маңызды оқиға орын алады – «QazMed» кәсіподағының ұйымдастыруымен «Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті. Бұл жиында еліміздің үздік сарапшылары – дәрігерлер, денсаулық сақтау менеджерлері, министрлік және мемлекеттік органдар өкілдері, сондай-ақ «AMANAT» партиясы – медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруға байланысты ең өзекті   жаңашылдықтар мен ережелерді талқыға салды.

Спикерлер:

- Матишев Алиакпар Болатович– «QazMed» салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы 
- Биртанов Елжан Амантаевич – ҚР Денсаулық сақтау экс -  министрі, «QazMed» салалық кәсіподағының кеңесшісі 
- Аманжолова Зауреш Джуманалиевна – медицина ғылымдарының докторы , ҚР Парламенті Мәжілісінің экс - депутаты, «Almaty-QM» денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы»  ҚБ төрайымы
- Жумагазин Талгат Бауыржанович – М. Оспанов атындағы БҚМУ Медициналық құқық мәселелерін зерделеу институтының директоры
- Кузбаков Мажит Хамитович – «Ақтөбе облысының дәрігерлер және орта буын медицина қызметкерлері қауымдастығы» ҚБ президенті
- Байдилдаева Алмакуль Рустемовна – «Halyk Life» АҚ сақтандыру компаниясының ресми серіктесі «Әулетті» сақтандыру агенттігінің президенті
- Сабыр Қайрат Қанатұлы - «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы» ҚБ төрағасы