2025 жыл 8 қазан Ақтөбе қаласы
Қалалық мәдениет үйінде – Қазақстан Кәсіподақтар күніне
арналған салтанатты жиын өтті.
Бұл салтанатты шара Қазақстан кәсіподақтары қозғалысының 120 жылдығы мен Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығы аясында өтіп отыр.
Жиынға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев, Салалық және жергілікті кәсіподақ төрағалары кәсіподақ ардагерлері мен жастар барлығы 500 адам қатысты.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров кәсіподақ белсенділеріне жұмыскерлердің еңбек жағдайы мен әлеуметтік мүдделерін ілгерілетудегі елеулі еңбектеріне ризашылығын білдірді:
Сіздердің еңбегіңіз бен адалдығыңыз қоғам үшін үлкен маңызға ие. Кәсіподақтар әрқашан әділеттілік пен әлеуметтік қорғаудың тірегі болды және бүгінде олардың рөлі ерекше. Биылғы жыл сіздер үшін мерейтойлық жыл: біз Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығын және Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығын атап отырмыз.
Кәсіподақ жұмысын дамытуға қосқан үлесі мен еңбек адамының мүддесін қорғаудағы белсенді жұмыстары үшін бірқатар кәсіподақ мүшелері «Еңбек озаты», «Кәсіподақтың 120 жылдығына арналған мерейтойлық медаль және «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен және жұмыс берушілер Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Үздік әлеуметтік әріптес» медалі және «Мемлекеттік қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін» медалі, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының алғыс хаты және құрмет грамотасымен және Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
«Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдары - Облыстық балалар ауруханасының Андреева Елена Александровна «Еңбек озаты» медалімен, Облыстық паталогоанатомиялық бюросының Буркутова Рабига Рахметовна Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.