Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Ақтөбеде медицина қызметкерлерінеарналған біліктілік аттестациясы бойынша семинар өтті

2025 жылдың 7 ақпанында «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы" қоғамдық бірлестігі мен Дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің Ассоциациясы Ақтөбе облысының медицина қызметкерлеріне арналған «Қосымша ресми және бейресми біліктілік деңгейі арқылы аттестациялау» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Іс-шараға «Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағының құрамындағы 57 медициналық мекемелердің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары, есеп және кадр бөлімдерінің меңгерушілері, сондай-ақ заңгерлер қатысты.

Семинарды жүргізгендер:
Алмагамбетова Алтын Сатыбалдиевна – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің Кәсіби өсу орталығының жетекшісі, Алипова Замзия Сайлаубаевна – Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі жанындағы Ақтөбе облыстық мейірбике ісін дамыту орталығының басшысы.

Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:

-біліктілік деңгейін тағайындау және растау тәртібі;

-аккредиттелген бағалау ұйымы жүргізген білім мен дағдыларды бағалау
нәтижелерін талқылау;

 -білім деңгейі мен орындалатын функцияларға сәйкес келетін 8 дағды деңгейі;
кәсіби жауапкершілікті сақтандыру.

«Qamqor» кәсіподағының төрағасы Қайрат Сабыр семинарға қатысушыларға жұмыстарына сәттілік тілеп, қазіргі уақытта медицина мекемелеріне қойылатын талаптардың күшейгені, заңды тұлғалардың қызметін қадағалау шаралары, еңбек дауларының алдын алу, еңбек қатынастарын реттеу және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша ақпарат берді.

Жиын соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасып, қызмет барысында туындайтын мәселелерге жан-жақты жауап алды.