Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«Almaty-QM» жергілікті кәсіподағы Алматы қаласының прокуратурасына медициналық қызметкерлерге сыйақыларды қайтару мәселесі бойынша өтініш жолдады.

Құрметті Алматы қаласының денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, орынбасарлары мен бас бухгалтерлері!

Соңғы 3 жылда алынған сыйақыларды қайтару туралы Қалалық прокуратураның ұсынуы негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының хатын алған ұйымдарға үндеу жолдаймыз.

«Almaty-QM» денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ қала прокурорының атына қабылданған шешімді қайта қарау туралы хат жолдады.

Сыйақылар қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес, ұйымдарда ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің болмауы, ұжымдардың мемлекеттік тапсырысты орындауы, шотта пайда мен еңбекақы қорының үнемделуі негізінде берілген.

Ұйымдарда бар қысқа мерзімді кредиторлық берешек, негізінен, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тарапынан қаржыландырудың уақытылы жүргізілмеуінен туындайды.

Сыйақы беру – бұл қызметкерлерді ынталандыру мен қолдау тетігі. Біз, кәсіподақ ұйымдары, әрқашан өз медициналық қызметкерлеріміздің құқықтарын қорғауға және оларға құқықтық қолдау көрсетуге дайынбыз.

Барлық медициналық сала кәсіподақ ұйымдарын әріптестеріміздің құқықтарын бірлесе қорғауға және оларды әділ түрде қорғап қалуға шақырамын.

Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі комиссиясының төрайымы ретінде мен де Алматы қаласының прокуратурасына хат жолдадым.

 

«Almaty-QM» денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрайымы

         Аманжолова З.Д.