20 желтоқсанда Алматы қаласында «QazMed» салалық кәсіподағы ұйымдастырған республикалық семинар-кеңес өтті. Күн тәртібінің негізгі мәселелерінің бірі ретінде 2025 жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы өзгерістер талқыланды.
Семинарда спикер ретінде Орталық бухгалтерлер үйінің сертификатталған бухгалтері К. Вершинина сөз сөйледі. Оның баяндамасы аудиторияның, соның ішінде «QazMed» Атқару комитетінің мүшелерінің, жергілікті кәсіподақ ұйымдары төрағаларының, сондай-ақ бухгалтерлердің үлкен қызығушылығын тудырды. Спикер салық саласындағы негізгі жаңалықтарды, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға әсер ететін салықтық шегерімдер жүйесіндегі өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді.