Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Алматыда «QazMed» кәсіподағының республикалық семинар - кеңесінде денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер мен 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланып кәсіподақ үздіктері мараппатталды

20 желтоқсан күні Алматы қаласында «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ұйымдастырған республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарға жұмысына «QazMed» атқару комитетінің мүшелері мен еліміздің түкпір-түкпірінен келген жергілікті кәсіподақ, филиал, бастауыш ұйымдарының төрағалары, көшбасшылары, қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық өзгерістер, кәсіподақтың жыл бойғы жұмысының қорытындылары және 2025 жылға арналған стратегиялық жоспарлар талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіподақ қозғалысын тиімді дамыту жолдарын бірлесе қарастырды.

Семинарды «QazMed» РҚБ төрағасы Алиақпар Матишев ашты.

Іс-шараның маңызды бөлігі – марапаттау рәсімі болды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жоғары марапаттарына болғандар:

Михаил Андреевич Копылов, «QazMed» РҚБ төрағасының орынбасары және Серік Қабдушұлы Какенов, «SENIM» жергілікті кәсіподағының төрағасы, «Кәсіподақ ардагері» медалімен марапатталды.

Марха Ахметқызы Зейналова, Талдықорған обаға қарсы станциясының бастапқы кәсіподақ ұйымының ұйымдастырушысы, «Еңбек озаты» медалімен марапатталды.

Олжас Аябекұлы Ізмағамбетов, Қызылорда облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының кәсіподақ ұйымдастырушысы, «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалін иеленді.

Сонымен қатар, Алиақпар Болатұлы Матишев, «QazMed» РҚБ кеңесшісі Елжан Амантайұлы Біртанов және «Almaty-QM» жергілікті кәсіподағының төрайымы Зауреш Жұманәліқызы Аманжолова «Qamqor Даңқы» және «Ақтөбе денсаулық сақтау үздігі» марапаттарымен ерекшеленді.

"QazMed" үздік қызметкерлеріне құрмет грамоталары табысталды

Семинар «QazMed» кәсіподағының денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы, қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы және Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысын нығайтудағы маңызды рөлін айқын көрсетті.