Медицина қызметкерлері күні – халық денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесі. Осы айтулы күнге орай Атырау обаға қарсы күрес станциясының "QazMed" бастауыш кәсіподақ ұйымы ұжымы үшін ерекше демалыс ұйымдастырды.
Ұйымдастырылған демалыс – тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар әріптестердің бейресми жағдайда араласып, өзара қолдауды сезінуіне мүмкіндік берген маңызды шара болды.
"Атырау обаға қарсы күрес станциясы" ұжымы кәсіподақ ұйымына көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін шын жүректен алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да бірлескен игі бастамалар жалғасын табарына сенім білдірді.