Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

ДЕНСАУЛЫҚ САҚШЫСЫ

Бүгін біз санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесіндегі өтілі 41 жылды құраған Ауелбекова  Азилет Кенбаевна туралы айтқымыз келеді.

Азилет Кенбаевна 1983 жылы Алматы, Республикалық медициналық арнайы орталық арнай орнының бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау дәрігерінің көмекшісі болып бастаған.

1996 жылдан 2024 жылға дейін Түрксіб ауданында жетекші маман болып жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың 20 наурызында лайықты демалысқа шықты, бірақ мекеме басшылығы оның кәсібилігін бағалай отырып, шартты ұзартты.

Ауелбекова  Азилет Кенбаевна еңбек қызметі барысында өзін тек оң жағынан көрсететіп,әріптестер арасында құрметке ие. Сол себептен бірнеше рет Алматы қаласы СЭБ және басқа да мемлекеттік органдардың алғыс хаттарымен марапатталды.

Жоғары ұйымдастырушылық, басқарушылық, шешендік қабілеттерімен ол жас мамандарға тәлімгер болып табылады.