Жуырда «Ақмола облысы денсаулық сақтау қызметкерлерінің «SENIM» жергілікті кәсіподағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген отырысын өткзді. Онда 2023 жылдың қорытындысы шығарылып, стратегия әзірленіп, 2024 жылға арналған жоспарлар белгіленді. Отырысты ұйым төрағасы Серік Кәкенов өткізді.
Кәсіподақ 2020 жылдың желтоқсанында құрылған және «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РОО құрамына кіреді. Жәнеде Ақмола облысының денсаулық сақтау саласында 9,300 мыңнан астам адамнан тұратын 47 бастауыш ұйыммен (заңды тұлға мәртебесі жоқ) ұсынылған.
Кәсіподақтың бастауыш ұйымдары мен жұмыс берушілер арасында 44 ұжымдық шарт жасалды, 26 өндірістік кеңес құрылды, 24 техникалық инспекторлар енгізіліп, жұмыс істеуде.
Кәсіподақ жетекшілері көптеген жұмыстар атқаруда. 2023 жылдың басында жергілікті «SENIM» кәсіподақ ұйымы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында 2023-2025 жылдарға арналған салалық (өңірлік) келісімге қол қойылды.
Қоғамдық бірлестік өкілдері өздерінің бастауыш ұйымдарының мүшелерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп, онда денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу, санаттарға қосымша ақы төлеу, жеңілдіктер, санитарлық-курорттық емдеу, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ кәсіподақтардың қызметінің маңыздығы талқыланды. Жалпы облыстың 17 аймағы қамтылды.
Сонымен қатар, Аршалы, Біржан сал, Егіндікөл, Қорғалжын және Жақсы аудандарының әкімдерімен кездесулер өткізіліп, онда Ақмола облысының денсаулық сақтау саласын дамыту және тұрғындардың денсаулық сақтау саласының қызметтеріне қанағаттануы мәселелері айтылды.