Соңғы бірнеше күнде интернетте Денсаулық сақтау министрінің ұшақтағы әрекеті шын мәнінде көмек көрсету болды ма, әлде тек «пиар» ма деген тақырып қызу талқыланып жатыр. Пікірлер әркелкі: біреулер сын айтса, енді біреулер қолдайды.
Алайда Ақмарал Әлназарова журналистерге берген жауабында былай деді: «Мен үшін ең бастысы – өз борышым мен міндетімді орындау. Кімге болса да ақталу менің міндетім емес».
Бұл жағдай бір маңызды сұрақты тудырады:
Неліктен біз қайтадан сыртқы нәрселерге – видеодан көрген сәттерге, эмоцияларға – көп назар аударамыз, ал нағыз маңызды мәселелерді ұмытып кетеміз?
Денсаулық сақтау саласында қоғам мен мемлекет назар аударуы тиіс бірнеше нақты және маңызды мәселе бар:
✔️ Медицина қызметкерлердің еңбекақысы әлі де жүктеме мен жауапкершілік деңгейіне сәйкес емес. Денсаулық сақтау министрлігі жалақыны арттырудың бірнеше жолын қарастыруда. Қызметкерлердің жағдайы шынымен жақсарады деп үміттеміз ;
✔️ Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің медициналық білімі жоқ қызметкерлеріне қосымша төлем мәселесі;
✔️Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мен клиникалық хаттамаларды жаңарту, фармацевтикалық компаниялар нарыққа ескірген және заманауи халықаралық аналогтардан сапасы төмен дәрілерді жеткізеді, ал басқа елдерде тиімді әрі көбіне Қазақстандағы бағадан төмен дәрілер қолданылады;
✔️ Медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайы, қауіпсіздігі және әлеуметтік жеңілдіктердің жеткіліксіздігі.
Бұл тек негізгі мәселелердің бірі ғана.
Барлық осы проблемалар министрдің әрекеті «пиар ма, жоқ па» деген бос пікірталастардан әлдеқайда маңызды емес пе? Енді назарды сыртқы көріністерден шын мәніндегі мәселелерге аудару қажет. Егер біз шынымен де денсаулық сақтау туралы сөйлесіп отырсақ, жүйені қалай заманауи, тиімді және азаматтар үшін лайықты етуге болатынын талқылау маңызды.
Конструктивті диалог, бірлескен қолдау мен ортақ әрекетсіз бұл жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес.
Министрге шыдамдылық пен төзімділік тілейміз, ал қажетсіз ақталуларға уақыт жұмсамай, саланың нағыз маңызды мәселелеріне назар аударғаны дұрыс.