Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Қазақстан кәсіподақ қозғалысына – 120 жыл: «QazMed» кәсіподағының елеулі үлесі мен құрмет марапаттары

2025 жылғы 10 қазан – Қазақстан кәсіподақ қозғалысы үшін ерекше әрі есте қаларлық күн болды. Бұл күні кәсіподақтар тек мерекені ғана емес, өз тарихындағы маңызды белесті де атап өтті.

Биылғы жыл – ерекше жыл: Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының бастау алғанына 120 жыл толып отыр. Бұл тек дата емес – еңбек құқықтарын қорғау жолындағы күрес, ынтымақ пен бірліктің тұтас дәуірі. Ал Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығы – кәсіподақ қозғалысының қазіргі кезеңін, тұрақтылық пен жауапкершіліктің, сенімді ілгері дамудың символы болып табылады.

Осы айтулы күні "QazMеd" салалық кәсіподағы мерекені ерекше сезімімен атап өтті. Кәсіподақ төрағасы Алиакпар Болатұлы Матишев «Қазақстан кәсіподақ қозғалысына 120 жыл» Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мерейтойлық медальдарын табыстады. Бұл марапаттар – еңбектің бағалануы мен кәсіподақ бірлігінің нышаны.

Жоғары марапатқа қоғам мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауға өмірін арнаған тұлғалар ие болды. Олардың қатарында – мемлекеттік қайраткер, салалық кәсіподақтың кеңесшісі Елжан Амантайұлы Біртанов бар. Оған берілген медаль – оның көпжылдық еңбегі мен кәсіби шеберлігінің, денсаулық сақтау жүйесін дамыту және кәсіподақ қозғалысын нығайту ісіне қосқан зор үлесінің лайықты мойындалуы.

Сондай-ақ, мерейтойлық медальмен "Ақмола облысы денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің "SENIM" жергілікті кәсіподағының төрағасы Серік Қабдүшұлы Какенов марапатталды. Бұл марапат оның жеке еңбегінің ғана емес, сонымен қатар өңірлік кәсіподақ ұжымының әлеуметтік әділдік пен еңбек ұжымдарындағы бірлікті нығайту жолындағы үйлесімді еңбегінің нәтижесі болып табылады.

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Сәкен Арыстанұлы Катбаев та кәсіподақ қозғалысын дамытуға және медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін марапатқа ие болды.

Ал мемлекеттік қайраткер, «Almaty-QM» денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрайымы Зауреш Джуманалиевна Аманжолова ерекше құрмет пен алғысқа бөленді. Оның отандық медицинаны және кәсіподақ қозғалысын дамыту жолындағы көпжылдық еңбегі жоғары бағаланып, оған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ ардагері» медалі табысталды. Бұл марапат – адалдықтың, берілгендіктің және кәсіподақ ісіне деген шынайы ықыластың белгісі.

Сондай-ақ, салалық кәсіподақ төрағасы Алиакпар Болатұлы Матишевтің өзі де марапатқа ие болды. Оның көшбасшылық қасиеттері, стратегиялық көзқарасы және кәсіподақ қозғалысын дамытуға бағытталған еңбегі әріптестері үшін үлгі болып, өңірлердегі кәсіподақтарға жаңа серпін беріп отыр.

Бұл күн – жай ғана мереке емес, кәсіподақ қозғалысының ұрпақтар сабақтастығы мен бірлігінің күніне айналды. Ол бір нәрсені айқын дәлелдеді: кәсіподақтардың күші – қоғамға қызмет етуді, еңбек адамдарының мүддесін қорғауды өмірлік мұрат еткен адамдарда.

 

https://www.facebook.com/reel/1986309268960678