Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Қордай аудандық орталық ауруханасында Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «QazMed» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының Қордай аудандық орталық ауруханасындағы бастауыш кәсіподақ ұйымы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларға қамқорлық пен мейірім сыйлап, олардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аудару болды. Мереке аясында бүлдіршіндер үшін қызықты ойындар мен көңілді бағдарламалар ұйымдастырылып, түрлі сыйлықтар табысталды. Бұл балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қуанышты сәттерге толы әсер қалдырды.

Ұйымдастырушылар өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету қоғамның маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сондықтан балалардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алып, тәлім-тәрбие алуына және алаңсыз балалық шақ өткізуіне қолайлы жағдай жасау әрқашан басты назарда болуы тиіс.

Халықаралық балаларды қорғау күні – мемлекет, қоғамдық ұйымдар және қоғам өкілдерінің балалардың қауіпсіз әрі бақытты өмір сүруі жолындағы күш-жігерін біріктіру қажеттігін еске салатын маңызды мереке.

Аталған іс-шара балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, қамқорлық пен жанашырлықтың әрбір бала үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.

https://www.instagram.com/p/DZB0j90oklE/