Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Кәсіподақ мүшелеріне арналған семинар-тренинг өткізілді
       Ақмола облысының "SENIM" жергілікті кәсіподағы Ақмола облысының Кәсіподақ орталығымен бірлесіп, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне "Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудегі өндірістік кеңес пен техникалық инспектордың рөлі"тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
        Семинар - тренингті "SENIM" жергілікті кәсіподағы төрағасының орынбасары Болат Жүпинов ашты, ол- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі кәсіподақтар үшін өзекті болып табылады және кәсіподақтың бастауыш ұйымының негізгі функцияларын іске асыру құралы болып табылады,- деп айтты.
        Cпикер ретінде Кәсіподақ орталығының топ еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы Сүлеймен Байтлеу сөз сөйледі.
        Семинарда өндірістік кеңесті қалыптастырудағы негізгі мәселелер, техникалық инспектордың жұмыс тәртібі, техникалық инспекторды сайлау тәртібі және өндірістік кеңестің құрамы талқыланды. Сүлеймен Байтлеу техникалық инспектордың жұмысын көрсетіп, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген анықталған факт бұзушылықты анықтау актісімен құжатталуы тиіс екенін атап өтті. "Бұл үдеріс маңызды, өйткені жазатайым оқиға болған жағдайда және одан кейінгі тергеу кезінде мұндай құжаттама тараптардың кінәсінің дәрежесін анықтауға және қызметкерлердің мүдделерін қорғауға көмектеседі", - деп атап өтті спикер.
         Қатысушылар өндірістік кеңес пен техникалық инспектордың жұмыс процесін тиімді құруға көмектесетін құнды қорытындылар алды. Сонымен қатар, іс-шара соңында қатысушыларға сұрақтар қоюға және сарапшылардан практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік берді. Тәжірибе алмасу және өзара әрекеттесу осы оқиғаның маңызды бөлігіне айналды.
          Семинарға қатысқан "SENIM"жергілікті, бастауыш кәсіподақ тэ ұйымдарының мүшелері ұйымдастырушылларға алғыстарын білдіріп, талқыланған тақырыптардың өзектілігін атап өтті.