«25 қазан - Республика күні» және «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне орай игі істер жалғасты. Бүгінде «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі - әлеуметтік қолдаудың, қоғамдық ынтымақтың және бірліктің ерекше белгісіне айналып отыр.
«DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сакен Арыстанұлы Катбаевтың бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету жалғасын тапты. Көмек көп балалы, аз қамтылған және материалдық қолдауға мұқтаж денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлерінің отбасыларына көрсетілді. Бұл тек қаржылай немесе материалдық көмек қана емес, адамдардың мұқтаждықтарын түсініп, қол ұшын созуға деген ниет пен қолдаудың маңызды екенін көрсетеді.
Кәсіподақтың мұндай істері әлеуметтік қолдауды күшейтіп, қоғамның әлсіз топтарына көмек көрсету арқылы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Кәсіподақтың қызметкерлерге материалдық және моральдық тұрғыдан қолдау көрсетуі еңбекке деген құлшынысты арттырады. Бұл өз кезегінде ұжымдық рухты күшейтіп, әрбір қызметкердің өзін қоғамның маңызды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мерекелер қарсаңында денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлері де назардан тыс қалған жоқ. Кәсіподақ ұйымы еңбегімен ерекше көзге түскен мамандарға алғыс хаттар мен грамоталар табыстады. Бұл сый-сияпат тек марапат қана емес, қызметкерлердің қоғам үшін атқарып жүрген еңбегінің бағаланғанын көрсетеді.
Бүгінде Сакен Катбаевтың басшылығымен кәсіподақ өз қызметі арқылы тек еңбек жағдайларын жақсартып қоймай, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге де атсалысады. Кәсіподақтың осындай іс-шаралары тек мереке күндерімен шектелмей, жыл бойы жалғасып, әрбір қызметкердің мүддесін қорғауға және қоғамның әл-ауқатын жақсартуға үлес қоса беретіні сөзсіз.
Бұл шара кәсіподақтардың тек еңбек дауларын шешумен шектелмей, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге де белсенді қатысатынын дәлелдейді. Кәсіподақтар – бұл қоғамдағы теңдік пен әділеттіліктің ұйытқысы, әрбір азаматтың құқығының қорғалуы мен әл-ауқатының артуының кепілі!