Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Қуатты бастауыш кәсіподақ ұйымы қаржылық дербестіктен басталады

Қуатты бастауыш кәсіподақ ұйымы қаржылық дербестіктен басталады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының шешім қабылдаудағы негізгі орталық ретіндегі рөлін нығайту мақсатында «QazMed» салалық кәсіподағы 2025 жылы Астана қаласында және Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында мүшелік жарналарды бөлу бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Осы жоба аясында қаражаттың 90 %-ға дейіні бастауыш кәсіподақ ұйымында қалып, тек 10 %-ы жоғары тұрған кәсіподаққа аударылады. Мұндай жүйе бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс тиімділігін қамтамасыз етіп, барлық қаржының ұйым қызметкерлерінің қажеттіліктеріне жұмсалуына мүмкіндік береді.

Кәсіподақ мүшелері қаражатты қалай және қандай мақсаттарға жұмсау керектігін өздері айқындайды, өйткені мүшелік жарналар жоғары тұрған құрылымдардың ресурсы емес, кәсіподақ мүшелерінің ортақ меншігі болып табылады.

Жарналарды 90/10 үлгісі бойынша бөлу моделін таңдай отырып, бастауыш кәсіподақ ұйымдары даму мен қызметкерлерді қолдауға арналған нақты қаржылық мүмкіндіктерге ие болады. Бұл – әрбір кәсіподақ мүшесі өз қатысуының құндылығын түсініп, ортақ шешімнің нәтижесін айқын көретін, қуатты әрі дербес «бастауыш ұйымға» бастар маңызды қадам.