Жыл сайын қазан айының бірінші дүйсенбісінде көптеген елдерде Халықаралық дәрігерлер күні атап өтіледі, ол бүкіл әлем дәрігерлерінің ынтымақтастығы мен белсенді іс-қимыл күні болып саналады. Өйткені, кез-келген ұлтта дәрігердің басты мақсаты – пациенттердің денсаулығын жақсарту және сақтау.
Дәрігер – қазіргі қоғамдағы ең қажетті мамандықтардың бірі. Дәрігерлер адамзаттың бүкіл тіршілік кезеңдерінде адам жанын құтқарумен жанталасады. Уақыт өте келе дәрігерлердің, дәрі-дәрмектердің, жабдықтардың мүмкіндіктері үнемі жетілдіріліп отырады және бұл емдеу уақыты мен пациенттердің өмір сапасына өз әсерін тигізеді.
Біздің қоғамда дәрігер мамандығы әрқашан аса қажет, сұранысқа ие және ізгілікке толы болады.
Халықаралық дәрігер күнінде біздің денсаулығымызды күзететін медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!