2025 жылғы 25-26 наурызда Өзбекстанның Мойнақ қаласында "Климаттың өзгеруі және Арал теңізінің дағдарысы: лайықты еңбек пен қоғамдық денсаулықты қамтамасыз етудегі кәсіподақтардың рөлі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға "QazMed" салалық медицина және оған іргелес салалар қызметкерлерінің кәсіподағы РҚБ-нің төрағасы Алиакпар Матишев және "SENIM" жергілікті кәсіподағының төрағасы Серік Какенов бастаған делегация қатысты. Конференция кәсіподақ қозғалысы үшін маңызды қадам болды: "QazMed" Орталық Азия елдері кәсіподақтары кеңесінің құрамына енді, бұл медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау және ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Негізгі мәселе – денсаулық сақтау жүйесінің ғаламдық климаттық өзгерістер жағдайындағы сын-қатерлері.
Бұл үдерістер медицина қызметкерлерінің жұмысына қалай әсер етеді?
Қандай әлеуметтік кепілдіктерді күшейту қажет?
Кәсіподақтар медицина қызметкерлерінің құқықтарын қалай қорғай алады?
Осы сұрақтар конференция барысында негізгі талқылау тақырыптары болды.
Конференцияда көтерілген негізгі мәселелер:
✔ Климаттық өзгерістердің денсаулық сақтау жүйесіне және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайына әсері.
✔ Қиын экологиялық жағдайдағы медицина қызметкерлеріне әлеуметтік кепілдіктерді күшейтудің маңыздылығы.
✔ Кәсіподақтардың құқық қорғау және лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі рөлі.
✔ Денсаулық сақтау саласында тиімді шешімдер үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
"QazMed" төрағасы Алиакпар Матишев өз баяндамасында лайықты еңбек және қоғамдық денсаулықты қорғау жолындағы кәсіподақ қозғалысының маңыздылығын атап өтті. Дегенмен, басты мақсат – тек мәселелерді талқылау ғана емес, сонымен қатар оларды шешудің нақты тетіктерін ұсыну.
"QazMed" салалық кәсіподағы және "SENIM" жергілікті кәсіподағы бұл бағыттағы белсенді жұмысын жалғастыра отырып, Қазақстан медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғайды.
Тек бірге әрекет ете отырып, біз медицина қызметкерлеріне лайықты еңбек жағдайларын жасап, денсаулық сақтау жүйесін нығайта аламыз!