Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Мамандыққа деген көпжылдық адалдығы үшін құрмет пен алғыс!

Алматы облысы Іле ауданының №20 жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Елена Геннадьевна Петренконы лайықты демалысқа шығарып салу құрметіне «KELESHEK» жергілікті кәсіподағы жылы және құрметке толы іс-шара ұйымдастырды.

42 жыл жедел жәрдемде қызмет атқарған Елена Геннадьевна тәжірибелі дәрігер ғана емес, көптеген адамдардың өмірі мен денсаулығының қорғаушысы болды. Зейнеткерлікке шығу – еңбек жолының құрметті қорытындысы әрі кәсібіне көп жылғы адал қызметінің жемісі. Елена Геннадьевнаға кәсібіне деген адалдығы мен абыройлы еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтып, мықты денсаулық және отбасының амандығын тілейміз!