Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

Медицина қызметкерлерді әлеуметтік қолдау және тегін медициналық көмекті кеңейту

2 желтоқсанда Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі Президиумының маңызды отырысы өтті. Оған «SENIM» жергілікті кәсіподағының төрағасы Какенов Серік Кабдушұлы қатысты. Талқылау барысында өңір халқының өмір сүру сапасына және медициналық қызметкерлердің еңбек жағдайларына тікелей әсер ететін жобалар қолдау тапты. Ұсынылған барлық бастамалар оң қорытынды алды, бұл барлық тараптардың келісімді және нәтижелі жұмысының көрсеткіші болып саналады.

Көтерілген негізгі мәселелердің бірі – медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау болды. Ауылдық елді мекендерге, аудандық немесе облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілетін мамандарға қатысты мәслихат шешіміне өзгерістер мақұлданды. Бұл өңірдің кадрлық әлеуетін нығайтып, дәрігерлер мен медициналық персоналды тарту және оларды тұрақтандыру үшін нақты жағдай жасайды.

Серік Какеновтың ұсынысы бойынша құжатқа қызметкерлердің мүдделерін қорғауды күшейтетін маңызды толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, жұмыскердің өзіне байланысты емес себептермен жұмыстан босатылған жағдайда көтерме жәрдемақыны қайтару тәртібі нақтыланды, сондай-ақ көрсетілетін қолдау талаптарының сақталуы бойынша жұмыс берушінің жауапкершілігі бекітілді. Бұл өзгерістер әділдікті қамтамасыз етіп, қызметкерлер үшін негізсіз талаптар мен қаржылық тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге тегін дәрілік қамтамасыз етуді кеңейту мәселесі де қолдау тапты. 2024 жылғы 27 маусымдағы шешімге енгізілген өзгерістер амбулаториялық емдеу кезінде тегін берілетін дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің және медициналық бұйымдардың тізімін кеңейтуді қарастырады. Бұл балалардың, қарттардың, созылмалы ауруы бар адамдардың және басқа да азаматтардың қажетті медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қабылданған шешімдер өңір денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған барлық тараптардың тиімді өзара іс-қимылы мен жан-жақты жұмысының нәтижесі болып табылады.

 «QazMed» салалық кәсіподағы  Какенов Серік Қабдушұлы және оның басшылығындағы «SENIM» жергілікті кәсіподағын еңбек ұжымдарының мүдделерін қорғау және Ақмола облысы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту жолындағы кезекті маңызды жетістігімен құттықтайды.