2026-2028 жылдарға арналған жаңа Салалық келісімді қалыптастыру кезінде «QazMed» салалық кәсіподағы түбегейлі маңызды норманы бекіту қажет деп санайды: денсаулық сақтау ұйымдары ақылы медициналық қызметтер көрсетуден алатын табыстың кемінде 40% ынталандырушы төлемдер мен қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бағытталуы тиіс.
Бұл ретте ақылы қызметтерді тікелей көрсететін медицина қызметкерлері туралы ғана емес, сонымен қатар бейінді емес (медициналық емес) білімі бар қызметкерлерді қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызметкерлері туралы да айтылады. Бұл тәсіл әлеуметтік әділетті және төмен жалақы мәселесін шешудің бір әдісі болып табылады.
Ақылы медициналық қызметтер бүкіл ұйымның, әсіресе мемлекеттік кәсіпорын нысанындағы және мемлекеттік мүлікті, сондай-ақ салық төлеушілердің қаражатын пайдаланатын мекемелердегі ұжымдық қызметінің нәтижесі болып табылады.
Осыған байланысты, ақылы медициналық қызметтен түскен кірістің кемінде 40 %-ын ұйым ішіндегі барлық қызметкерлерге бөлінетін бірыңғай ынталандырушы қор ретінде қарастыру ұсынылады.
Осы норманы жаңа Салалық келісімшартқа енгізу ақылы қызметтен түскен кірістерді әділетті және тұрақты бөлудің моделін қалыптастырады, сондай-ақ ұжымдардағы еңбек дауларын реттеуге және шиеленісті төмендетуге мүмкіндік береді.