2025 жылғы 4 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданында «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алиакпар Болатұлы Матишевтің Жамбыл орталық аудандық ауруханасы мен Қарғалы ауылдық ауруханасының ұжымдарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ол кәсіподақтың қызметі, мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтарын қорғау және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге жәрдемдесу «QazMed» кәсіподағының басты басымдықтары болып қала беретінін ерекше атап өтті.
Бұдан бөлек, Алиакпар Матишев қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, медицина саласының мамандарын қолдауға және олардың еңбек жағдайларын жақсартуға белсенді түрде атсалысуға дайын екенін растады.