Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«Qamqor» Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы кәсіподақ комитеттері алқасының мәжілісін өткізді.

«Qamqor» денсаулық сақтау кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі облыстың медицина ұйымдары кәсіподақ комитеттері төрағаларының қатысуымен кезекті алқа мәжілісін өткізді.

Мәжілісте қыркүйек–қазан айларына арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, олардың орындалуына жауапты тұлғалар айқындалды.

Іс-шаралар жоспары:

  • 27 қыркүйек – «Таза Қазақстан» акциясына қатысу.
  • 1 қазан – Қарттар күніне орай ардагерлерді құрметтеу және қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру.
  • 3 қазан – «Болашаққа бірге жүгіреміз!» марафоны (55 медицина қызметкерінің қатысуымен).
  • 8 қазан – Кәсіподақтар күніне арналған салтанатты жиын (Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Телағысұлы Дәулеталиннің қатысуымен, 11 кәсіподақ мүшесін марапаттау).
  • 10 қазан – үздік ұжымдық шарт иелерін (3 ұйым) марапаттау және «Qamqor» денсаулық сақтау кәсіподағы Көшбасшысы» байқауын өткізу.

Мәжіліс кәсіподақ ұйымының бастамаларды талқылап, күш-жігерді біріктіру үшін маңызды алаң болып қала беретінін көрсетті. Қабылданған шешімдер медицина қызметкерлерін қолдауға, олардың кәсіби беделін нығайтуға және кәсіподақтың өңірдегі қоғамдық өмірдегі рөлін арттыруға бағытталған.