Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсібі тек терең білім мен жоғары біліктілікті ғана емес, сондай-ақ аналитикалық ойлау қабілетін, егжей-тегжейге назар аударуды және маңызды шешімдер қабылдай білуді талап етеді.
Бүгін «Ақтөбе денсаулық сақтау кәсіподағы „Qamqor“» қоғамдық бірлестігінің ұжымы қаржы жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекелері – Қаржы қызметкерлері күнін 15 қараша күнімен шын жүректен құттықтады. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып, 300 денсаулық сақтау қаржы қызметкерлеріне 850 600 теңге көлемінде сыйлықтар табыстады.
«QazMed» салалық кәсіподағы құттықтауларға қосылып, қаржы жүйесі қызметкерлеріне амандық, табысты жұмыс, жаңа кәсіби жетістіктер, сенімді серіктестер, тұрақтылық және қаржылық қызметтегі жаңа мүмкіндіктер тілейді!
«QAMQOR» кәсіподағы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекелері – Қаржы қызметкерлері құттықтады