Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» бастауыш ұйымының кәсіби ұйымдастырушысының жұмысы атап өтілді

9 қыркүйекте Ақтөбе қаласында "QazMed" кәсіподағының ұйымдастыруымен облыстың медицина қызметкерлеріне арналған "Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру"тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті. Семинар барысында "QazMed" кәсіподағ төрағасы Алиақпар Матишев соңғы уақытқа дейін Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының "QazMed" бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіби ұйымдастырушысы болған әріптесі Самиғоллин САЛАУАТ АҚҚОНЫСҰЛЫНА "Белсенді қоғамдық қызметі үшін" төсбелгісі,"QazMed"салалық кәсіподағы төрағасының Алғыс хатымен  және ақшалай сыйақымен марапаттады

Салауат Самиголлин ҰЭО Ақтөбе облысы бойынша филиалының санитарлық эпидемиологиялық бақылау және талдау бөлімінің бастығы болып табылады.

Кәсіподақ жүйесінде жұмыс істеген уақытында өзін белсенді және сауатты кәсіби ұйымдастырушы ретінде көрсетті, ұжымда лайықты беделге ие, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады.  

2016 және 2021 жылдардағы "QazMed" салалық кәсіподағының "Үздік кәсіподақ ұйымдастырушысы"атанды. САЛАУАТ АҚҚОНЫСҰЛЫНА қызметкерлердің кәсіподақ қозғалысына деген сенімін нығайтқаны үшін Алғысымызды  білдіреміз!