Қарттар күніне орай Ұлттық сараптама орталығының Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «QazMed» салалық кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымы өз ардагерлерін құттықтады.
Облыс орталығында тұратын 30 ардагер әріптесімізге MILKY LAND өнімдерінен сыйлықтар табысталды. Кәсіподақ мүшелері әрбір сыйлықты жеке жеткізуге тырысты.
Осындай кездесулер мен қарапайым қамқорлық белгілері ұрпақтар сабақтастығын сақтауға көмектеседі, үлкен буынға деген құрмет пен назар біздің бірлігіміз бен кәсіподақ дәстүрінің маңызды бөлігі екенін тағы да еске салады.