13 маусым күні М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл күн – өз өмірін халықтың денсаулығын сақтауға арнаған жандардың адалдығы мен кәсібилігінің символы.
Іс-шараны ашқан Орталық басшылығы қызметкерлерге өз істеріне деген адалдығы мен жанқиярлық еңбегі үшін шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ, еліміздегі биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі орталықтың жетістіктері – ұжымның кәсіби біліктілігі, ғылыми жауапкершілігі мен бірлігі арқасында мүмкін болғаны атап өтілді.
Салтанатты бөлім барысында бірқатар қызметкерлер «QazMed» салалық кәсіподағының төрағасы Алиакпар Матишевтің алғыс хаттарымен марапатталды. Марапаттар көпжылдық адал еңбегі мен ұжым өміріне белсенді араласқаны үшін табысталды.
Келесі күні ұжым Алматы маңындағы көркем табиғатымен танымал Алма-Арасан шатқалына демалысқа шықты. Табиғат аясында тынығып, Заили Алатауының сұлу көріністеріне тамсануға мүмкіндік туды. Бұл іс-шараны кәсіподақ ұйымы ұйымдастырып, автобус жалдап, естелік сыйлықтар мен қызықты бағдарлама әзірледі.
Аталған мерекелік шаралар медицина саласы қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын айқын көрсетіп қана қоймай, кәсіподақтың ұжым өміріндегі рөлін де ерекше көрсетті. Адамдарға деген қамқорлық, еңбекке құрмет пен жан-жақты қолдау – «QazMed» кәсіподағы ұстанатын басты құндылықтар. Осы арқылы кәсіподақ әр қызметкерге сенімді тірек бола алатынын дәлелдеп отыр.