Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» кәсіподағы обаға қарсы станциялар қызметкерлерінің жалақысын көтеру керек деп санайды

 


        «QazMed» медицина қызметкерлерінің кәсіподағы денсаулық сақтау министріне хат жолдап, осы салада жұмыс істейтін бірқатар қызметкерлер категориясын қайта қарау туралы ұсыныс жасады.  Былтыр аса қауіпті патогендермен жұмыс істейтін қызметкерлердің айлығы қайта қаралып, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысы өскен болатын. Алайда мүндай қызметкерлер обаға қарсы станция жұмыскерлерінің 23 пайызын ғана құрайды. Ал қауіпті патогендермен жұмыс істейтін басқа қызпметкерлердің жалақысы өгеріссіз қалған. Мысалы, дала жағдайында түрлі аңдардың материалдарын, олардың қалдықтарын зерттеумен  жоғары білімді биолог, зоолог мамандар айналысады. Олардың айлық жалақысы осы саладағы дәрігерлерден 2-3 есе, орта білімді медицина қызметкерлерінен 1,5 есе төмен.  Обаға қарсы станцияларда жұмыс жасайтын басқа жоғары білікті мамандар – заңгер, бухгалтер, инженер, програмистердің де орташа айлығы 120 мың теңге көлемінде. Ал қарапайым жұмысшылар – механик, аула сыпырушы, бу қазандығының операторы, ғимараттар пен көліктердің жағдайына жауапты басқа жұмыскерлердің айлығы ең төменгі – 80 мың теңге деңгейінде.
        «QazMed» кәсіподағының өкілдері айлық жалақысының төмендігінен обаға қарсы станцияларда қалыптасқан шиеленісті жағдайды назардан тыс қалдырмауға және осы жағдайдың қалыптасуына себеп болған бірқатар бүйрықтардың күшін жоюға шақырды. Кәсіподақ заңгерлерінің пікірінше,  Денсаулық сақтау министрінің бірқатар бұйрықтары аталмыш сала қызметкерлеріне айлық жалақыны реттейтін Үкімет Қаулыларына қайшы келеді.