Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

"QazMed" кәсіподағы Тараз қалалық ауруханасы қызметкерлерінің үлесін атап өтті

2024 жылғы 16 маусым күні Медицина қызметкерлері күніне арналған кәсіби мереке аясында Тараз қалалық көпсалалы ауруханасында мазмұнды да жарқын іс-шара өтті. Мерекенің құрметті қонағы — еліміздегі денсаулық сақтау саласының танымал тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері, сондай-ақ «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлері салалық кәсіподағының кеңесшісі Елжан Амантайұлы Біртанов болды.

Аурухана ұжымы алдында сөз сөйлеген Елжан Амантайұлы ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтап, олардың жоғары кәсіби біліктілігі мен жанкешті еңбегіне, ұлт саулығын нығайтуға қосқан үлесіне ерекше тоқталды. Ол «QazMed» кәсіподағы атынан бірқатар қызметкерлерге естелік марапаттар мен алғыс хаттар табыс етіп, медицина қызметкерлерін қолдау мен олардың еңбегін лайықты бағалау кәсіподақ қозғалысының басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.