Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» кәсіподағының құрамына кіретін Түркістан облысы мен Шымкент қаласының медицина қызметкерлері үшін үш күндік оқыту семинары өткізілді

2024 жылғы 15-17 мамыр аралығында «QazMed»   медицина және онымен cабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-мен бірлесіп Түркістан облысы мен Шымкент қаласының медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарларын ұйымдастырып, өткізді.  Семинарлар Түркістан, Сарыағаш, Шымкент қалаларында өткізілді.

Дәріскер ретінде М. Оспанов атындағы БҚМУ жанындағы Медициналық құқық мәселелерін зерделеу институтының басшысы Жұмағазин Т. Б. шақырылды.

Іс-шараның спикерлері:

Әлиақпар Матишев – «QazMed» медицина және онымен cабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ төрағасы;

 Елжан Біртанов -«QazMed» медицина және онымен cабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ кеңесшісі;

Сәкен Катбаев – «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы, семинарлардың модераторы.

Сонымен қатар, қонақ ретінде Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы «Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің» төрағасы" Бердіғали Өмірәлі  шақырылды

Үш күн ішінде дәріскер мен семинарға қатысушылар медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бойынша өзекті мәселелерді, заңнамадағы өзгерістерді, жанжалды және өзге де жағдайларды шешудің практикалық мәселелері мен алгоритмдерін қарады.

Оқудан басқа, барлық үш қалада «DENSAULYQ» жергілікті кәсіподақ құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында өткізілген                    «Үздік мейіргер» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімдері өткізілді.

Семинарларды қорытындылай келе, осы күндері айтылған тақырыптар, сұрақтар медицина қызметкерлерінің қызығушылығын тудырды деп сеніммен айтуға болады. Сонымен қатар, қатысушылар семинардың жоғары ұйымдастырылғанын атап өтті.

Бірақ, мұндай іс-шаралар тек білім алумен ғана шектелмейді, бұл әріптестермен, пікірлестермен кездесуге, олармен «QazMed» кәсіподағының одан әрі дамуын талқылауға, қызметкерлер тарапынан кәсіподақ қозғалысына деген сенімді күшейту жөніндегі жұмысты жоспарлауға себеп болады.