«QazMed» салалық кәсіподағына кіретін Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының филиалы мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымдары Қазақстан кәсіподақтары федерациясының ұйымдастыруымен өткен, еліміздегі кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы және ҚРКФ-ның 35 жылдығына арналған «Келешекке бірге жүгірейік» марафонына белсене қатысты.
Департамент қызметкерлері жоғары спорттық дайындықтары мен ұйымшылдығын танытып, жүлделі орындарға ие болып, марапатталды
Ұлттық сараптама орталығының өкілдері де қашықтықты сәтті еңсеріп, мәреге жетіп, естелік медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, қатысушылар арасындағы лоторея барысында екі әріптесіміз 10 000 және 20 000 теңгелік сертификаттарды иеленді.
Денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұл шара ұжым үшін ерекше серпін мен жігер сыйлады.