«QazMed» кәсіподағының Жамбыл облысы бойынша филиалы мүшелер үшін 18–19 сәуір күндері Түркістанның киелі орындарына танымдық сапар ұйымдастырды. Жалпы, кәсіподақ 100 адамға арналған сапарды екі автобуспен, гидтің сүйемелдеуімен өткізді
Бағдарлама аясында қатысушылар:
«Айша бибі» кесенесі
«Домалақ ана» кесенесі
«Ақ мешіт» әулие үңгірі
Арыстан баб кесенесі
Үкаша ата кесенесі
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Керуен-Сарай туристік кешені
Сапар тарихи-рухани құндылықтарды тануға, ұжымдық байланысты нығайтуға және мазмұнды демалыс ұйымдастыруға бағытталған.
QazMed кәсіподағы алдағы уақытта да осындай бастамаларды жалғастырады.