Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» кәсіподағының төрағасы Қарағанды қаласының медицина қызметкелерімен кездесті

9 сәуірде Қарағандыда медицина қауымдастығы өкілдерімен кездесулерге толы мазмұнды күн өтті: «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алиакпар Болатұлы Матишев өңірдің бірқатар маңызды мекемелеріне барды. Оның жұмыс сапарына №1 емхана, Қалалық бастапқы медициналық-санитариялық көмек орталығы, №2 көпбейінді аурухана, сондай-ақ орта буын медицина мамандарын даярлайтын Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжі енді.

Сапар барысында Әлиакпар Болатұлымен бірге "QazMed" кәсіподақ ұйымының Қарағанды ​​облысы бойынша өкілі Аманжол Абдрахманов болды. Кездесулердің басты мақсаты — кәсіподақ қызметі, оның міндеттері мен болашағы туралы медицина қызметкерлерін хабардар ету болды.

Кездесулер барысында медицина қызметкерлері өзекті мәселелерді көтерді. Барлық ұсыныстар мен өтініштер кәсіподақ төрағасы тарапынан мұқият тыңдалды. Алиакпар Матишев көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын атап өтті, себебі оларды шешу — медицина қызметкерлерінің жағдайын жақсартуға және денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға қосылатын нақты үлес.