25 шілдеде құқық магистрі, бизнес-жаттықтырушы Э. Н.Мустафанова "QazMed" кәсіподағының құрамына кіретін мекемелер мен ұйымдардың барлық қызметкерлері үшін "Әлеуметтік демалысы туралы"тақырыбында кезекті онлайн оқыту вебинарын өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, "QazMed"салалық кәсіподағының атқарушы комитеті бір жылға есептелген осы онлайн оқыту семинарларының тапсырыс берушісі болып табылады.
Эльмира Нуралиевна өткізген вебинардың тақырыбы бұрынғыдай өзекті болды. Спикер әлеуметтік демалысты жоспарлаудың, тіркеудің және шығудың негізгі тармақтары мен ерекшеліктеріне, сондай-ақ олардың түрлеріне шолу жасады. Сонымен қатар, Эльмира Мустафанова қатысушыларға демалыс беру кезінде қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін, даулы сәттердегі іс-қимыл алгоритмін, төлемдерді түсіндірді.
Соңында Эльмира Мұстафанова вебинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.