25 сәуірде құқық магистрі, бизнес-жаттықтырушы Э. Н.Мустафанова "QAZMED" кәсіподағының құрамына кіретін мекемелер мен ұйымдардың барлық қызметкерлері үшін ZOOM платформасында "2023-2024 жылдары ҚР еңбек заңнамасындағы маңызды өзгерістер"тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, "QazMed"салалық кәсіподағының атқарушы комитеті бір жылға есептелген онлайн оқыту семинарларының тапсырыс берушісі болып табылады.
Эльмира Нұралиқызы өткізген вебинардың тақырыбы әдеттегідей өзекті болды. Спикер
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардағы өзгерістер, арнайы әлеуметтік төлемдер туралы, «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу сияқты негізгі өзгерістерді және басқа сұрақтар бойынша түсіндірме берді. Сонымен қатар, Эльмира Мустафанова жиналғандарға еңбек шартын жасау кезіндегі қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін, даулы мәселелер туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмін және еліміздің бірқатар өңірлерінде су тасқынына байланысты төтенше жағдай сақталуда болғандықтан, бос уақыттарда төлем жасауды түсіндірді.Сондай-ақ бұйрықтарда,қызметтік жазбаларында жиі кездесетін "өндірістік қажеттілік" тұжырымдамасының қолданудың заңдылығы және басқа да бірқатар маңызды мәселелерде қарастырылды. Сонымен қатар, жаттықтырушы жаңа әлеуметтік кодекстің негізгі тұстарын да атап өтті.
Соңында Эльмира Мұстафанова вебинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.