"QazMed" кәсіподақ мүшелерінің кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыру мақсатында ZOOM платформасында "Ұжымдық шарт ұйымның әлеуметтік тұрақтылығының кепілі ретінде"тақырыбында вебинар өтті.
Семинарды Мұстафанова Эльмира Нұралиқызы, "Анаэль" даму орталығы ЖШС директоры, құқық магистрі, бизнес жаттықтырушы, "Еңбек даулары және келісім комиссиясы туралы"кітабының авторы өткізді.
Вебинардың тақырыбы өзекті болды және оған 78 адам қатысты. Спикер ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы, қолданылу мерзімі мен қолданылу аясы, міндетті тармақтар мен ұсынылатындар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұдан басқа, Эльмира Нұралиқызы ұжымдық шарт, келісім жасасу жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде міндеттемелерді орындамағаны немесе бұзғаны үшін жауапкершілікке де назар аударды. Басқа да мәселелер айтылды, заң практикасынан мысалдар келтірілді. Соңында Эльмира Мұстафанова вебинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай семнарлар жыл бойы өтеді.