«QazMed» салалық кәсіподағының құрамына кіретін «KELESHEK» жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі қазіргі уақытта еліміздегі бірнеше шипажайлармен келісімшарт жасасып, кәсіподақ мүшелерінің емдік демалыстарын ұйымдастыруға ат салысып жатыр.
Сәуір айында Алматы қаласындағы «Көктем» шипажайына «Бөрлітөбе орман шаруашылығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Байғамытов Н. Х. жолдама алып, демалып, ем алуда.