Наверх
«QAZMED медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподақ одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

“QazMed” кәсіподақтарының жетекшілері қоғамдық өмірдің түрлі салаларына өз үлестерін қосады

2024 жылғы 28 қазанда Шымкент қаласында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған іс-шара өтті. Шараға қала әкімі мен қалалық мәслихат төрағасы қатысты. Ресми бөлім басталар алдында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты бөлімшелерге мүгедектерге арналған көтергіштері бар төрт шағын автобус табысталды. Бұл автобустар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында сатып алынған болатын.

Ресми бөлім барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.

Сонымен қатар, «Оңтүстік» жергілікті кәсіподағы да Шымкент қаласы мәслихаты мен Қаратау және Әл-Фараби аудандары әкімдіктерінің әлеуметтік сала қызметкерлеріне, халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж топтарымен белсенді жұмыс істегені үшін, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті.

Екі жетекшіге – Ж.У. Үтебаева (Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы) мен Н.Н. Асановқа («Ізетті зейнеткер» КММ басшысы) «Оңтүстік» жергілікті кәсіподағының «ӨЗ ІСІНЕ АДАЛДЫҚ» медальдары табысталды.

Зейнеттегі сегіз ардагерге сыйлықтар берілді.

Өз кезегінде, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы «Оңтүстік» жергілікті кәсіподағының төрайымы Макашева Любовь Абдусаматовнаға Шымкент қаласындағы әлеуметтік қызметті дамытуға және кадрларды даярлауға қосқан зор үлесі үшін алғыс айтты. Ол 2002-2016 жылдар аралығында 14 жыл бойы қаланың әлеуметтік қызметін үздіксіз басқарған.