Наверх
«QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі

Тіліңізді таңдаңыз

«QazMed» — медициналық қызметкерлерге қамқорлық

Қордай аудандық орталық ауруханасының қызметкері Джамбасбаева З.Д. пікір білдірді.

Жуырда Ташкент қаласындағы «Чинабад» санаторийінде ем алып, демалып қайттым және өте риза болдым. Аумағы таза, күтімді, тыныш — демалыс пен денсаулықты қалпына келтіруге өте қолайлы. Қызметкерлері мұқият, сыпайы және әрдайым көмек көрсетуге дайын.

Әсіресе медициналық процедуралардың сапасы мен дәрігерлердің кәсібилігі ұнады — барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Тамақтану түрі дәмді, әртүрлі және пайдалы. Бөлмелері жайлы әрі ыңғайлы, үйдегідей жағдай жасалған.

Санаторийде болғаннан кейін денсаулығымның едәуір жақсарғанын және күш-қуатымның артқанын сезіндім. «Чинабад» ұжымына қамқорлығы мен жоғары деңгейдегі қызметі үшін үлкен алғыс айтамын! Міндетті түрде тағы барамын және демалыс пен емделуді қатар алғысы келетін баршаға ұсынамын.

Медицина қызметкерлердің кәсіподағы «QazMed»-ке жолдама мен сауықтыру мүмкіндігі үшін зор алғысымды білдіремін.

 

https://www.facebook.com/reel/1612372987561415